73 жастағы қазақ жиһанкезі Сәрсенбай Қотырашев жаяу Түркияның Ыстамбұл қаласына барғанын хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv сілтеме жасап. Ол күніне орта есеппен 40км артқа тастап, Ресей мен Грузия мемлкеттерінен өтіп, тура 2 ай 10күнде жеткен. Ақсақалды Қазақ мәдениет және сауда орталығының қызметкерлері, Түркияда тұратын қазақтар Ыстамбұл қаласының кіреберісінде күтіп алды.
Сәрсенбай Қотырашев, саяхатшы:
“Басты мақсатым – бүкіл дүниежүзін бейбітшілікке шақыру. Екіншіден, саяхат жасқа қарамайды, ешқашан кеш емес. Барлығымыз Түркі ұрпағынан тарағанбыз арғы атамыз сақ ғұн. Түркі ұрпағынан тараған ел көп. Ата бабамыздың, қандастарымыздың еліне келгеніме қуаныштымын”.