Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр

Доллар курсы қандай?

Фото: alau.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz Қазақстан қор биржасы ақпаратына сілтеме жасап.

 Сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,34 теңгеге төмендеп, 476,64 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14-16 қазандағы ресми бағамы - 476,98 теңге.

Қазақстан қор биржасы ақпаратына сәйкес, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 477,04 теңгеге, сату 479,30 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар валютасы орта есеппен 474,94 теңгеден сатып алынып, 479,99 теңгеден сатылып жатыр.

 

Жүктелуде...