Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетіндегі ғылыми қызметкерлерінің қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай баяндады.
Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.
Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.
Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған.
Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.