Бұл туралы newsroom.kz тілшісі orda.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.
Израиль мен Палестинадағы әскери қақтығыс басталғаннан бері әртүрлі басылымдардың 12 журналисі қайтыс болды. Тағы сегізі түрлі жарақат алды, екеуі хабар-ошарсыз кетті. Барлық журналистерде баспасөзге қатыстылығын білдіретін міндетті жабдық болғанына қарамастан осындай ауыр жағдай орын алған.
Айта кетейік, қаза тапқандардың арасында "әл-Ақса" радиосының, Reuters, "Хабар" агенттіктерінің операторлары мен журналистері, сондай-ақ түрлі шетелдік басылымдардың фрилансерлері мен фототілшілері бар.