weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қазан, 2023 / NewsRoom / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Димашпен ән шырқаған Бурак Йетер

Анталия қаласында өткен Бурак Йетердің үлкен концертінде Димаш өнер көрсетті.

Димашпен ән шырқаған Бурак Йетер


13 қазанда Анталиядағы Акдениз университетінің стадионында Бурак Йетер өзінің арманы “Космос” жобасын жүзеге асырғанын хабарлайды newsroom.kz порталы     dimashnews.com сілтеме жасап. Арнайы шақырылған қонақ қазақстандық әнші  Димаш Құдайберген болды.

 «Қазақстаннан Димаш Құдайберген келеді.
Оның жанкүйерлері өте көп. Оған Германиядан, Қазақстаннан, тіпті Мексикадан да келетіндер бар. Димашпен бірге концерт халықаралық деңгейге ие болады», - деді Бурак концерт алдында Antalya Gündem Gazetesi басылымына берген сұхбатында.

2023 жылдың 6 мамырында шыққан Бурактың “Weekend” әнін сахнада екі әнші қосылып  шырқады.  Трек кейінірек ресми музыкалық платформаларға  шығарылып, тыңдармандар тарапынан кеңінен қолдау тапты.   Сондай-ақ концерт ұйымдастырушыларының көмегімен "dimash.turkey” фан-клубы Dears-ты  бір қанаттың астына алып, концерт кезінде сүйікті өнерпазын  барынша қолдады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→