Сауд Арабиясының "әл-Насра" португалдық футболшысы Криштиану Роналдуға ирандық суретшіні құшақтағаны үшін 100 рет қамшымен соққы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz ақпараттық порталы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
Оқиға Азиялық Чемпиондар Лигасының Жергілікті "Персеполиске"қарсы кездесуі алдында орын алған. Атақты футболшы Роналду өзінің портретін салған Ирандық мүгедек суретшімен кездесу кезінде оны құшақтап, сүйген.
Аңызға айналған футболшының бұл әрекеті некесіз жасағалған зинақорлықпен тең саналатын көрінеді. Иранға қайта барған жағдайда спортшыға бұл үшін қамшымен 100 соққы түріндегі жаза қарастырылған.