Қазақстанда тағы жаңа салық түрі қосыла ма? Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев жаңа заңның талқыланып жатқанын мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы былтырғы жолдауында сән-салтанатқа да салық салу керек деген пікір білдірген болатын. Алайда, бұл заңның бір ерекшелігі - еліміздің барлық азаматтарына қатысты емес. Атап айтсақ, орта тап өкілдеріне қатысы жоқ, тек бай-бағландарға арналған.
“ Біз жүздеген отырыс өткіздік. Онда байлардың ешқайсын шақырып, пікірін сұрамады. Себебі, мұнда мемлекеттік органдардың, бизнестің, "Атамекен" ҰКП өкілдері мен депутаттарды және басқа да сарапшыларды шақырып, талқылау жүргіземіз. Ұлттық экономика министрлігі жанында Экономикалық зерттеулер институты бар. Осы ұйымда барлық сұрақ талқыланып жатыр”, - деді министр Ерулан Жамаубаев.