Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ШҚО руднигінде екінші жұмысшы топырақ астынан шығарылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы кеніште топырақ астында қалған екінші жұмысшы аман-есен шығарылды

ШҚО руднигінде екінші жұмысшы топырақ астынан шығарылды
Фото: kazinform

Бұл туралы newsroom.kz порталы kazinform-ға сілтеме жасап.
Глубокое ауданы Алтай кентіндегі кеніште топырақ астында қалған жұмысшыны құтқару үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерғали Бахаев пен апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы қызметтер өзара бірлесіп әрекет етті. 32 жастағы жұмысшы сағат 19.00 шамасында аман-есен топырақ астынан шығарылды.«Тау-кен құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамды алып шықты. Қазір оның денсаулығын тексеріп, қажетті көмек көрсетіп жатыр», – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Осы ретте, департамент бастығы Ерғали Бахаев құтқару іс-қимылдары барысында үйлесімді жұмыс істеген барлық қызметтердің өкілдеріне алғысын білдірді.

Еске салсақ, бүгін ШҚО-дағы кеніште екі жұмысшы топырақ астында қалған болатын. Оның бірі аман-есен құтқарылған соң бірден Глубокое ауданындағы ауруханаға жеткізілді.