Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды newsroom.kz ақпараттық порталы Антикорға сілтеме жасай отырып.
Ведомствоның хабарлауынша, ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен едәуір мөлшерде пара алды деп күдікке ілінген. Күдікті кінәні толығымен мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.