Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бірнеше ер адам орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсірмек болған бейнежазбаны анықтады, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен "сүндет той" кезінде орын алғаны анықталды.
Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Айта кетейік, осыған дейін жылқыны қорлаған ер азаматтың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді.