БЖЗҚ-да қанша қазақстандықтың 100 млн теңге жинағы бар?

13 салымшының 100 миллион теңгеден асатын, ең жоғары зейнетақы жинақтары бар.

Tengrinews.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қанша қазақстандықтың шоттарында 100 миллион теңгеден астам қаражат бар екенін хабарлады, деп newsroom.kz порталы tengrinews.kz-сілтеме жасап хабарлайды. 

БЖЗҚ 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 салымшының 100 миллион теңгеден асатын, ең жоғары зейнетақы жинақтары бар екенін хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері айтылды. 

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 675,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 525,6 миллиард теңге бағытталды.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 305 мың адамды құрайды.

"2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 83 072 теңге, базалық зейнетақы - 37 865 теңге", - деп жауап берді қорда.

 

Жүктелуде...