Бұл туралы newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды.
Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.