"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстандағы АЭС құрылысына 15 млрд АҚШ доллары кететінін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі, sputnik.kz- сілтеме жасап.
Елімізде АЭС шамамен 2034 жылы іске қосылады. Тимур Жантикин бұл мезгілдің әлі де болжам екенін айтты.
«АЭС-ны іске қосуды 2030 жылға дейін жалғасады, оған үлгермеуіміз мүмкін. Құжаттамамен араласу 5 жылға дейін созылады»- деді ол.
Бұдан бөлек, "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры АЭС құрылыстарына алғашқы қадамдар, келесі жылы құрылыс жұмысына байланысты референдум өткеннен кейін басталатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын Алматы облысындағы Балхаш көлі жанындағы Үлкен ауылында салу көзделіп отыр. Жергілікті тұрғындар нысана құрылысына түгелдей дерлік келіскен көрінеді.