Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

1,1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер кім?

Шымкентте шенеуніктер жылу мен электр желілерін жөндеуге бөлген 1,1 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.

1,1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер кім?
Фото: gov.kz

Бұл туралы newsroom.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА Шымкент қаласы департаменті аса ірі көлемде мемлекет қаржысын ұрлау дерегі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр. 

ҚМА мәліметі бойынша, қала әкімдігі бақылауындағы қосалқы мердігерлер және лауазымды тұлғалар бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деген күдікке ілінген. 

Хабарламада күдіктілер заңсыз жолмен тапқан ақшаға Астанадағы 150 млн тұратын элиталық тұрғын үй кешендерін сатып алғандығы айтылған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды,- делінген хабарламада.

Соталды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.