Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 қыркүйек, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан: ақша айналымы 2,5 млрд $ болыпты

Өзбекстанмен тауар айналымы 0,4 пайызға азайды.

Қазақстан мен Өзбекстан: ақша айналымы 2,5 млрд $ болыпты
Фото: ia-centr.ru

Өзбекстан мемлекетімен қаңтар-шілде айларындағы айналым көрсеткіші былтырғыдан 0,4 %-ға азайды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Тауар айналымының басым бөлігін (71,6%) экспорт: 1,8 млрд АҚШ доллары, бір жылда 2,7% азайған көрінеді.

Импорт 28,4%: 721,6 млн АҚШ доллары, бір жылда 6,1% көбейген дейді сарапшылар.

Экспорттың негізгі санаты — бидай мен меслин. Мұнда жеткізілім көлемі 511,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл былтырғыдан 22,1% артық. Басқа да негізгі санаттарға шойын мен болаттан жалпақ прокат, ұн, минералды және химиялық тыңайтқыштар, тоң майлар мен майлар кіреді.

Ал, Өзбекстаннан Қазақстанға импорттың негізгі санаты: киім және киім қажеттіліктері шойын мен болаттан жалпақ прокат, автокөліктердің бөлшектері мен керек-жарақтары, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар және автобустар мен басқа да осыған ұқсас моторлы көліктер екен.