Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар – әкімдік жағдайды түсіндірді
Алматы әкімдігі коронавирус індетінен қайтыс болғандарға арналған зиратта кімдердің жерленгенін айтты.
Алматыда COVID-19 індетін жұқтырған 32 адам көз жұмды. 22 адамның өліміне басқа аурулар себеп болды. Бұл туралы қала әкімшілігі мәлімдеді.Алматы әкімдігі коронавирустан қайтыс болғандарға арналған зиратқа кім жерленгенін түсіндірді.
"Қалада COVID-19 инфекциясынан 10 адам көз жұмды. Қалғандарына коронавирус дерті қосалқы диагноз ретінде қойылған. Алматыда мұндай 22 адам бар", - деп түсіндірді әкім орынбасары Ерлан Қожағапанов.
Жуырда БАҚ бетінде Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылына жақын маңда орналасқан COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлейтін полигонда 30 зират бар екені және тағы 12 мола дайындалып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті ол жерде алты адамның жерленгенін хабарлады.
Мамандар кей жағдайда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың өліміне басқа ауру себеп болатынын айтады. Сондықтан қайтыс болғандар мен жерленген адамдардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Өлімнің негізгі себебі мен диагнозы өлімнің себептерін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысына сәйкес айқындалады.
Діни басқарма індеттен көз жұмғандарды жерлеуге қатысты пәтуа шығарды
Айта кетейік, наурыздың соңында санитар дәрігерлер коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонды анықтады. Зираттың қаланың сыртында екені, айналасында жақын жатқан елді мекеннің жоқ екені айтылды. Полигон барлық қауіпсіздік ережелері бойынша қаладан оқшауланған.