Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Басы бес жерден сынған». Баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі тың ақпаратпен бөлісті

Астанадағы мектепте баспалдақтан құлаған баланың әкесі тың ақпаратпен бөлісті

«Басы бес жерден сынған». Баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі тың ақпаратпен бөлісті
el.kz

2 сынып оқушысы Тамерлан Кәрімқұлов қазіргі таңда Астана қаласындағы №2 қалалық ауруханада жатыр. Әкесінің айтуынша, бала қазір комада емес, бірақ денсаулығын жақсы деп айтуға келмейді, деп newsroom.kz хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Баланың жағдайы қалай жақсы болады? Операция жасалмағаннан кейін оны қалай жақсы деп айта аламын. Балам қазір ауруханада. Баламда бас сүйек-ми жарақаты бар, басы 5 жерден сынған. Дәрігердің айтуынша, көздің үстіңгі жағындағы сүйек сынған, көздің артына сүйектің бір бөлшегі тұрып қалған. Соны операция істеп ала алмады. Балам қайта-қайта тісім ауырады деп жатыр. Әрине, бетпен құлағаннан кейін тісі де ауырады. Қасында анасы бар. Бала орнынан тұрмайды, жатқан жерінде дәретін сындырып жатыр. Бүгін дәрігерлер көздің жанындағы сүйек те сынған деп айтып тұр. Күннен-күнге бір ақпарат шығып жатыр. Білім басқармасы, мектеп директоры балаға жасалатын операцияға ақшасын шығарып берсін. Ол операцияның қанша болатынын да білмеймін. Сол (дәрігерлер – ред.) операцияны да жасай алмай тұр. Жасайтын болса, осы уақытқа дейін жасамай ма?! Таңертең дәрігерлер «біз тәуекелге бара алмаймыз» деп айтыпты. Түркияға апарып емдетемін деп отырмын, - деді әкесі Бекжан Қожанқұлов.  

Әкесі Тамерлан баспалдақтан құлаған күні жедел жәрдем қызметі бір сағатқа кешігіп келгенін айтты.

Бала сағат 17:10 кезінде құлаған. Бізге сағат 17:50-де хабар берді. Тіпті уақытында бізге хабарласпаған. 17:10-да жедел жәрдем шақырылған, бірақ жедел жәрдем бір сағаттан кейін келді. Мен ол кезде жұмыста болдым, бірақ анасы мектепке барды. Жедел жәрдем ұзақ келмеген соң, әкімдікке хабарластым. Әкімдік хабарласқаннан кейін ғана жедел жәрдем келді. Соның өзінде жекеменшік жедел жәрдем келген, - деді әкесі.

Айта кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жедел жәрдемнің кешігіп келу себебін түсіндірді.