Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 207 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан бірден 29,7% аз. Сектордағы ФКИ 60,9%, яғни инфляцияны есепке алғанда сектордағы қызмет көлемі бір жыл ішінде нақты мәнде 39,1% төмендеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде сектордағы қызмет 294,4 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 8,4 есе болған.
Өңірлер бойынша құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру бойынша барлық қызметтердің 88,2%-ы дәстүрлі түрде Алматы облысында көрсетілген: 182,5 млрд теңге — былтырғыдан 34,4% аз.
Ақмола облысы екінші орында: 24,5 млрд теңге, бір жылда 52,1% көбейген. Басқа өңірлерде ҚР-дағы казинолардың жұмыс істеу аймақтарын шектейтін заңнаманы ескере отырып, көрсеткіштер мардымсыз болды, ал 12 өңірде тіпті мүлде жоқ.
Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасына сәйкес, екі өңірді қоспағанда, барлық жерде ойынханалар мен ойын автоматтары залдарына тыйым салынған — оңтүстік, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жағалауы және солтүстік аймақ, Ақмола облысы Щучье ауданы.
Биыл қаңтар–шілде айларының соңында құмар ойын және бәс тігу қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 311,5 млн теңгені құрады. Көрсеткіш құндық мәнде 2,2 есе өсті.
Соның ішінде Алматы облысында салаға құйылған инвестиция 310 млн теңгені, Ақмола облысында 1,5 млн теңгені құрады.
ҚР-да Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша, 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясынан бас тартты. 2023 жылдың басынан бері 6 букмекер өз еркімен жұмысын тоқтатты.
Сонымен қатар, ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын жою сотта жалғасуда. Биыл соттарға 14 талап арыз жолданып, нәтижесінде 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы өз қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта тағы 2 букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою жұмыстары жүргізілуде.