Қызығы, 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс кезінде Никита басында іріктеуден өте алмаған. Алайда үшінші орын алған қытайлық спортшы кейіннен финалға жіберілмеді. Сөйтіп, жетінші орындағы Чирюкин финалдағы алтылықтың қатарына қосылды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Ал шешуші кезеңде отандасымыз 26 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын Қытай мергендерімен бөлісті.
Никита - көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.