Жаңалықтар

Күрделі жыл: Aitas Agro фермерлері ағымдағы ауыл шаруашылығы маусымының нәтижелері мен қиындықтары туралы

Қазақстанның барлық дерлік аумағында  орнаған құрғақшылық пен бұрын-соңды болмаған аптап ыстық өнім көлемінің айтарлықтай азаюына алып келді, ал екінші жағынан әлемде және өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының бағасы күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Сарапшылардың айтуынша, биылғы жылы қазақстандық барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорны қызметінің нәтижелеріне әлемдегі жалпы саяси және жалпы экономикалық проблемалар ғана емес, ел ішіндегі үкіметтік бастамалар да әсер еткен. Олардың қатарында, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қойылған жасанды шектеулер және кедендік баждар бар.

«Өткен жылы осы уақытта 3-наубайханалық кластағы бір тонна бидай шамамен 180 мың теңге (немесе өткен маусымда орта есеппен 130 мың теңгеге жуық) тұрды. Биылғы жылы бұл баға 90 мың теңгеге жетер-жетпес қана. Ал өнімнің бір тоннасының өзіндік құны шамамен 25%-ға өсті. Тиісінше, бұл фермерлердің нәтижелеріне кері әсер етіп жатыр», - дейді Aitas Agro бас директоры Талғат Алдажаров.

Күнбағыс тұқымына қатысты да дәл осындай жағдай байқалады. Алдажаровтың ақпараты бойынша, нарықты реттеуге тырысқан мемлекет күнбағыс құнын тоннасына 380 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін төмендеткен. Бұл ретте сарапшылар 3 жыл ішінде Қазақстанда күнбағыс тұқымын өндіру 35%-ға өскенін, алайда аталған ауыл шаруашылығы дақылына биылғы жылы енгізілген 20%-дық экспорттық баж салығы егістің айтарлықтай қысқаруына әкелетінін атап өтті.

Ағымдағы маусымда Қазақстанның көп аймағында орнаған құрғақшылық та жергілікті барлық фермердің жұмыс нәтижелеріне де ықпал етті. Қазақстанның батысында, орталық және шығыс аумағында жауын-шашын тапшылығы сезілді және бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізді.

Алайда осындай қиындықтарға қарамастан, аралық есеп көрсеткіштері бойынша, Aitas Agro фермерлері барлық жоспарланған жұмысты уақытында орындаған, тыңайтқыштарды толық мөлшерде пайдаланып,  топырақтағы ылғалды ұстап қалу үшін барлық қолжетімді әдісті қолданған. Компания өнімділігі маусымның басында жоспарланған көрсеткіштен төмен болады деп күтілуде, дегенмен сарапшылардың пікірінше, бұл бүкіл ел бойынша орташа өнімділіктен едәуір жоғары. Aitas Agro фермерлеріне бұл нәтижеге қол жеткізуге бірегей цифрлық басқару жүйесі көмектесіпті, ол жылдам және дәл шешімдер қабылдауға ықпал еткен, сонымен қатар ауа-райына және фермерлердің жұмысын қиындататын басқа факторларды есепке ала отырып жұмысты түзетуге мүмкіндік берген.

Цифрлық басқару жүйесінің негізі – барлық алқапты спутниктік мониторингілеу, оның көмегімен өсімдіктердің өсуіндегі өзгерістердің бүкіл тарихы жазылады және болашақ өнімділік болжанады. Бұл жүйеге барлық машина заманауи навигациялық жүйелер арқылы қосылған. Цифрлық шешімдердің арқасында фермерлер ауылшаруашылық техникаларының қай жерде орналасқанын, қандай жер өңделгенін және осы жұмыстарға жұмсалған өндіріс құралдарының көлемін нақты біледі.

«Тракторлар мен комбайндар барлық қозғалысты және шығынды жазып отыруға мүмкіндік беретін түрлі датчикпен жабдықталған. Мұндай «ақылды» тракторда жұмыс істеу қиын емес – машина маршрутты және жоспарланған жұмысты алдын-ала біледі. Оның үстіне қазіргі заманғы машиналар ыңғайлы креслолармен және кондиционерлермен жабдықталған. Цифрландыру тек қана далада көмектеспейді. Басқарушы топ онлайн режимде жұмыстарды бақылайды, есептік

 

және аналитикалық жүйе нақты шығындарды жылдам санауға және жылдам әрі ақылға салынған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл осы биылғы сияқты аса күрделі маусымда өте маңызды. «Цифр» бізді шабыттандыруды жалғастыруда, сондықтан үнемі жаңа тиімді шешімдерді іздеудеміз», - дейді Алдажаров.

Ол фермерлердің бірнеше жыл бойы жасанды интеллектке негізделген сараланған себу жүйесін қолданып келе жатқанын мысал ретінде келтірді. Мұндай жүйе көмегімен Aitas Agro фермерлері топырақтың құнарлылығына байланысты тұқым көлемін мөлшерлейді, осылайша шығынды азайтып, өнімділігін арттырады.

«Біз өнімділікті болжау үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдануға тырысамыз, ауа-райын болжаудың заманауи шешімдерін іздейміз. Осы маусымда арнайы оқытылған дронның көмегімен мәдени және арамшөпті өсімдіктерді анықтау және санау үшін компьютерлік көру технологиясын қолданып көрдік.Бұл тәжірибені жалғастырып, одан әрі кеңейтеміз», — деп атап өтті Алдажаров.

Техника туралы айта отырып, AitasAgro мамандары ауылшаруашылық техникасының үнемі қымбаттауы фермерлердің жылдар бойы шешілмеген негізгі мәселелерінің бірі екенін атап өтті. Олардың сөзіне қарағанда, техника бағасы жыл сайын 15-30%-ға қымбаттайды екен. Фермерлер үкіметтің импорттық техниканы субсидиялау мөлшерлемесін қысқарту бастамасы бірқатар проблемаға, соның ішінде өндірілген өнімнің өзіндік құнына кері әсер ететініне сенімді.

Күрделі маусымға қарамастан, фермерлер болашаққа үлкен үмітпен қарайды және аграрлық сала экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады деп сенеді.

AITAS холдингі туралы

AITAS – Қазақстандағы ең ірі цифрлық агроөндіріс холдингі, оның құрамына «Кус&Вкус» брендімен өнім шығаратын Өскемен және Орталық Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикалары, Алматы асыл тұқымды құс репродукторы, «AMP» брендімен шығатын ет, деликатес, шұжық өнімдері, Aitas Foundation корпоративтік қоры сияқты 15-тен астам кәсіпорын кіреді. Холдингте жемшөп және жемшөп компоненттерімен қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 35 мың гектардан астам аумақты алып жатқан бірнеше шаруашылық кіретін Aitas Agro бизнес-бағыты бар. Aitas Agro өзін үлгі ете отырып қазақстандықтардың ауыл шаруашылығына деген сенімін қайта тудырудымақсат етеді.