weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады

Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады

Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады
ашық дереккөзі
Форум 25-28 қыркүйекте Шуша қаласында өтеді. Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті 25-28 қыркүйекте Шуша қаласында өтетін Диаспора жастарының бірінші форумына шетелдегі этникалық қазақ жастарын шақырып отыр. Бұл туралы "Отандастар" қоры хабарлады, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Форумда Түркі әлемінен келген 19-30 жас аралығындағы жастар бас қосады және диаспора жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады. Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті қатысушылардың сапарға қатысты жол және өзге де шығындарын өз мойнына алады. Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін "Отандастар" қорының oq.contests@gmail.com электронды мекенжайына қабылданады.