Жаңалықтар

Елімізде тарихи тұлғалар қызметін зерттеу мен бағалауда тың әдіс қолға алынды

Елімізде тарихи тұлғалар қызметін зерттеу мен бағалауда тың әдіс қолға алынды

Елімізде алғаш рет «Тарихи тұлғалар қызметін зерттеу мен бағалаудың ғылыми әдіснамасы» әзірленеді. Мұндай идеяны Мемлекет тарихы институтының перспективалық міндеттерін талқылау аясындағы жиында ғалымдар ұсынды. Бұл туралы ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінесілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

Мұндай әдіснаманың қажеттілігі Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында тарихи сана-сезімді жаңғырту басымдығында айтылған негіздерден туындап отыр.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты сөйлеген сөзінде «Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет… Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», - деген болатын. Сондықтан да қазіргі орнықты даму тұрғысында тарихи тұлғаларды бағалау маңызды.

 width=

Институт ғалымдары аталған әдіснаманы дайындауда «жергілікті, өңірлік және ұлттық» деңгей бойынша топтастыруды басшылыққа алмақ.

Осыған дейінгі 1992-2023 жж. тарих ғылымы бойынша қорғалған диссертацияларға назар аударсақ, 772 диссертацияның 55-і түрлі кезеңдегі тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі, мұраларына арналған. Дегенменде, қазіргі күн тұрғысында тұлғалардың тарихи шынайылығын қалпына келтіру, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосқан қайраткерлер туралы да пайымдалуы ұлттық отаншылдық құндылығы мен өзіндік мотивация бастауының түрлі көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді.