Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысы оқу жетістігін зерделеу тестінің қорытындысы бойынша 4 орынға көтерілді

Түркістан облысы оқу жетістігін зерделеу тестінің қорытындысы бойынша 4 орынға көтерілді

Түркістан облысы оқу жетістігін зерделеу тестінің қорытындысы бойынша 4 орынға көтерілді
ашық дереккөзі
Түркістан облысында бүгінде 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде. Ондағы оқушы саны – 515 079. Анығында, 138 бастауыш, 69 негізгі, 791 орта білім беру ұйымдары бар. 32 мектеп-гимназиясы, 26 мектеп-лицейі, 11 мамандандырылған мектеп-интернаттары, 2 Білім-инновация лицей-интернаттары және 8 IT мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды newsroom.kz. Биылғы оқу жылындағы Түркістан облысы оқушыларының жетістіктеріне тоқтала кетсем, елеулі нәтижеге қол жеткізгеніміз байқалады. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда: Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобаларыконкурсы нәтижелері 37%-ға өсті. Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы нәтижелері 12%-ға, республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиадасыкөрсеткіш: 4%-ға өсті. Ал республикалық жаратылыстану–математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші 27%-ға ұлғайды. Бұл оқу жылы Жаңа жобалармен де ерекшеленді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Қ.Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өткім келіп отыр. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық KitapХАН@ облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Яғни, KitapХАН@ жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмінжасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 млн 717 370т бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Білім саласының тағы бір қыры – ол оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына бағыт беру. Демек, елдің болашағы адам капиталын кәсіби тұрғыдан дұрыс қалыптастыра білу. Осы мақсатта Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығы» «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» меморандум құрып, облыстың мектеп түлектеріне ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің менторлық жұмысын «Өскенде кім боласың?!»профориентациялық жобасы аясында жүйелі жүргізіп отыр. Жобаға бейіндік істер жөніндегі орынбасар, 20 мыңнан астам 9-11 сынып оқушылары және олардың ата-аналары да қатысады. Сонымен қатар, облыс бойынша 180 мектебі жоқ елді-мекендерден 15 мыңнан астам бала тасымалданады.  width= Ағымдағы оқу жылында оқушыларды қауіпсіз тасымалдау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыс мектептері 101 (71 – 20 орындық, 30 – 38 орындық) жаңа заманауи автобустармен толықты. Ағымдағы оқу жылында облыстағы 2 балалар ауылынан 8 бала қамқоршылық пен қорғаншылыққа, 3 бала – патронаттық тәрбиеге беріліп, балаларды отбасыларға орналастыру арқылы балалар ауылдарындағы бала саны жылдан жылға азаюда. Облыс бойынша 81 919 педагог бар. Педагогтердің «педагог-шебер»-877, «педагог-зерттеуші»-13822, «педагог-сарапшы»-15904, «педагог-модератор»-12399, «педагог-модератор» 18878 педагогтер жұмыс істейді. ҰБТ облыста 5 аудан, қала орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізіледі. Тестілеу 2 лекте, тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. 2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 29491 түлек бітіреді, оның 1416 оқушысы (5%) «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 2355. Түркістан облысында өткен оқу жылында жалпы жазғы сауықтырумен 206 269 балақамтылған. Оның ішінде, қала сыртындағы лагерлер – 57 710 балаға, мектеп жанындағы лагерлер – 148 559 балаға ұйымдастырылған. Бұл 40%-ды құрайды. Биылғы 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Түркістан облысы білім басқармасы жазғы сауықтыру лагерлерінің санын арттыру мақсатында табиғаты тамаша жерде орналасқан білім беру мекемелерінде биылғы жылы мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10-нан аса білім мекемесінің жанында балаларға арналған лагерь кұрылмақ. Облыста балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға қатысты төмендегі жұмыстар қолға алынуда: – Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінің базасын нығайтып, қосымша құрылыс жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашу мүмкіндігі бар; – Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қайта ашу қарастырылды. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагер ашылады; – Ордабасы ауданында орналасқан «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің қайта ашу қарастырылуда. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагерь ашылады; – Төлеби ауданы, Киелітас ауылында орналасқан аудандық «Оқушылар Үйінің» теңгеріміндегі жалпы аумағы 9 гектарды құрайтын лагерь осы уақытқа дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің уақытша теңгерімінде болған. Қазіргі таңда лагерь облыс меншігіне қайтарылып, бюджеттен қаржы бөліп, ағымдағы жөндеу жұмысынан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде қосымша 150 орындық 1 жаңа лагерь ашылады; – Түлкібас ауданы Жабағылы ауылынан 6 гектар және Абайлы ауылынан 12 гектар жер телімін жыл бойы жұмыс жүргізетін сауықтыру лагерін салу ұсынылуда. Аталған жобаны мемлекеттік-жекешілік әріптестігі шеңберінде іске асыру қарастырылуда; – Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы Басқарма теңгеріміндегі «Робинзон» лагерінің бос тұрған 4,35 гектар жер теліміне жаңа лагер құрылысын жүргізу ұсынылды.  width= Түркістан облысындағы 36 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының жазғы демалыс уақытындағы «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан, қалаларға жолданды, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Балалардың уақытын тиімді өткізу мен түрлі үйірмелерге тарту мақсатында Түркістан облысында 4 оқушылар сарайы мен 4 оқушылар үйі жаз бойы үздіксіз қызмет етеді. 80-ге жуық үйірмеге бала өзінің қабілеті мен қарымына байланысты кез келген үйірмеге қатыса алады. Түркістан облысында оқушылар үйінде «Театр және балалар» жобасымен 31 театр үйірмесі қазақ тілінде жұмыс жасайды. Қатысатын – 102 оқушы. Үйірмелер тегін. Облыста «Жас актер», «Театр әлемі», «Өнер әлемі» үйірмесінен облыс үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірме оқушылары қала, облыс, республика көлемінде жеңімпаздар. Облысымызда 2022-2023 оқу жылы барысында 52 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 35 100 білім алушылар білім алуда. Колледждер WorldSkills халықаралық қозғалысына қатысып, 2022 жылғы ұлттық чемпионатта облыс құрамасы 28 құзыреттілік бойынша 19 медальге ие болды. Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік «ТОП 100 студент» ұлттық байқауында өңірден жеңімпаз 5 колледж студенттері қатысып, министрдің алғыс хатымен марапатталды. Екі жылда мемлекеттік тапсырыс көлемі 2,5 есе үлкейіп отыр. 2022 жылы – 11 110 мемлекеттік тапсырыс орын бөлінген. 2023 жылы – 15 300 орын жоспарланып отыр. Биыл алғаш рет республикалық «Жұмыс берушілер күні» атты ашық есік күні іс-шарасы аталып өтілді. Аталған іс-шараға 52 колледжден 445 әлеуметтік серіктестер мен жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері қатысып, нәтижесінде түлектерді жұмысқа орналасу туралы меморандумға қол қойылды. Дінислам Болатханұлы, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы