Заңның мәтіні қосымша бағалау үшін ЕО институттарына жіберілді, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Президент Владимир Зеленский Ресей мен Беларуссиядан баспа өнімдерін импорттауға тыйым салу туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Telegram-да хабарлады.
"Украинаның кейбір заңдарына агрессор мемлекетке, Беларусь Республикасына, Украинаның уақытша басып алынған аумағына қатысты баспа өнімдерін әкелуге және таратуға шектеулер қоюға қатысты өзгерістер енгізу туралы" Заңға қол қойды. Мен заңды дұрыс деп санаймын", - деді ол.
Зеленскийдің айтуынша, заңның мәтіні ЕО институттарына оның жекелеген нормалары азшылықтардың құқықтарын, атап айтқанда тілдік құқықтарды қорғау бөлігіндегі міндеттемелердің орындалуына әсер етуі мүмкін бе, жоқ па, соны қосымша бағалау үшін Еуропалық комиссияның Украинаның ЕО-ға мүшелікке өтінішіне қатысты пікірін ұсыну аясында жіберілді.