Ай сайынғы динамикада Павлодар облысы, Шымкент пен Алматыда баға өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, азық-түлік тауарлары бір айда 0,5%, бір жылда 16,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бір айда баға ең көп Ұлытау облысында өсті: 1,4%. Одан кейін Жамбыл, Қостанай (әрқайсысында 1,1%) және Ақмола (1%) облыстарында айтарлықтай өсті. Алматы, Шымкент және Павлодар облыстарында сектордағы баға бір айда өзгерген жоқ.
Жылдық динамикада ең көп баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 20,7%. Одан кейінгі орында Ақмола (18,1%) және Қызылорда (17,9%) облыстары. Азық-түлік бағасының ең аз жылдық өсімі Алматы қаласында тіркелді: 14,3%.
Жемістер мен көкөністер бір жылда 7,6%, оның ішінде жаңа піскен жемістер — 3,9%, көкөністер — 11,9% қымбаттады.
Жемістер арасында кептірілген өрік (31,8%, килосына 4,3 мың теңгеге дейін), апельсин (15,5%, 978 теңгеге дейін), банан (14,8%, 914 теңгеге дейін), лимон (8,8%, 1,2 мың теңгеге дейін) қымбаттады. Алма, керісінше, бір жылда 3,4% арзандап, килосы 601 теңге болды.
Көкөністердің ішінде қияр (бір жылда бірден 53,4%, килосына 582 теңгеге дейін), пияз (31,9%, 203 теңгеге дейін), қызанақ (30,4%, 855 теңгеге дейін) қымбаттаса, қызылша (7,1%, килосына 272 теңгеге дейін), картоп (16,8%, 162 теңгеге дейін), қырыққабат (19,1%, 155 теңгеге дейін), сәбіз (19,1%, 164 теңгеге дейін) арзандады.
Сүт өнімдері бір жылда 23,6%, оның ішінде консервіленген сүт — 42,6%, ішетін сүт — 26,1%, ашытылған сүт өнімдері — 24,1% қымбаттады.
Майлылығы 2,5% пастерленген сүттің литрі 373 теңге, майлылығы 3,2%–4% пастерленген сүттің литрі 456 теңге, айранның литрі 408 теңгеден сатылуда. Қаймақтың килосы 1,9 мың теңге, сүзбе 2 мың теңге, қатты ірімшік 4,9 мың теңгеден сатылып жатыр.
Бір жылда ет және ет өнімдері 13%, оның ішінде ет және құс еті — 12,1%, шұжық — 16,9%, ет өнімдері — 12,8% қымбаттады.
Мамыр айында бір кило сиыр еті орта есеппен 2,5 мың теңгеге, қой еті 2,7 мың теңгеге, шошқа еті 2,2 мың теңгеге, жылқы еті 3 мың теңгеге сатылды. Тауық етінің килосы орта есеппен 1,4 мың теңге тұрады. Қайнатылған шұжықтың бір килосы 2,7 мың теңге, жартылай ысталғаны 3,2 мың теңге.
Он жұмыртқа 480 теңге, бір жыл бұрынғыдан 29,3% қымбат.
Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, ұн өнімдері мен жарма бір жылда 23,4%, оның ішінде ұн — 16,2%, жарма — 10,3%, нан — 10,1%, макарон өнімдері — 27,7% қымбаттады.
Жоғары сұрыпты бидай ұнының наны килосы орташа есеппен 356 теңгеден, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан 195 теңгеден, қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген нан килосына 451 теңге болды. Жоғары сұрыпты бидай ұнының килосы 375 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұны 236 теңге болды.
Макарон өнімдерінің ішінде вермишель бір жылда 29,1% қымбаттап, киосына 574 теңгеге, кеспе — 26,8% қымбаттап, 1,2 мың теңге, рожки — 25,6% қымбаттап, 578 теңге болды.
Күріш бір жылда бірден 44,9% қымбаттап, килосына 582 теңгеге жетті. Жарма ішінде сұлы жармасы (бір жылда 26,9%, килосы 662 теңгеге дейін), жарма (24,5%, 485 теңгеге дейін), інжу арпа (22,6%, 367 теңгеге дейін), тары (13,9%, 501 теңгеге дейін), қарақұмық (2,7%, 643 теңгеге дейін) қымбаттады.