Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

ҚР қай өңірлерінде темекіге ақша көр жұмсалады?

ҚР қай өңірлерінде темекіге ақша көр жұмсалады?

ҚР қай өңірлерінде темекіге ақша көр жұмсалады?
ашық дереккөзі
Табак өнімдеріне тұтыну шығыны бір жылда 11% көбейді, деп хабарлайды newsroom.kz.   Биыл қаңтар–сәуір айларында елімізде 5,1 млрд дана темекі және осыған ұқсас басқа да табак өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,8% аз. Жалпы, 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда секторда шығарылған өнім 17,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 7,9% көп.     Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 80,6%-дың орнына 79,7% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 20,3%-ды құрады. Сандық мәнде импорт былтырғымен салыстырғанда 0,7% өсіп, 927,6 млн данаға жетті. Бұл ретте Қазақстан өз ресурстарының 19,3%-ын немесе 882,9 млн дана темекі мен басқа да табак өнімдерін экспорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,9% артық. Ішкі нарықта сатылым 10,1% азайып, 3,7 млрд дана темекі мен папирос сатылды.     2022 жылы ҚР-дағы әрбір орташа үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8% артық. Өңірлер бойынша Павлодар облысының үй шаруашылықтары ең көп шығындалған: бір шаруашылыққа орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім 13,3%. Солтүстік Қазақстан (77,2 мың теңге, 9,6% көбейген) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың теңге, 24,8% көбейген) облыстары да ең көп темекі шегушілер үштігіне енді. Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз жұмсаған: бір үй шаруашылығына жылына орта есеппен небәрі 8,8 мың теңге, жыл сайынғы өсім 14,2%.     Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада байқалды: 23,2%. Одан кейін Алматы (21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысында (20,8%). Баға ең аз өскен өңірлер Ақмола (12,8%), Қарағанды (13,9%) және Абай (16,2%) облыстары. Қазақстанда жасөспірімдерге вейп сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ktk.kz. Қоғам белсенділері қатты алаңдаулы: мектеп оқушылары темекі дүкендерінен, дүңгіршектерден немесе интернеттен шектеусіз арзан сатып ала алады. Балалар көшеде, мектеп артында, тіпті үйде де ашық шегіп жүр.