Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Айтыскер Айтақын Бұлғақов: “Аманжолға есем кетті”

Айтыскер Айтақын Бұлғақов: “Аманжолға есем кетті”

Айтыскер Айтақын Бұлғақов: “Аманжолға есем кетті”
ашық дереккөзі
  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі айтыскер, ақын Айтақын Бұлғақов “Хабар” арнасындағы “Алғашқы” бағдарламасында қонақта болды. Өзінің жеке өмірі мен айтыстағы жеңістері мен жеңілістері туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. “Есем айтыста кетті. Талай бәйге иегімнің астында кетті. Қазылардың бұрмалауы да болды. Өзім де айтпа дегендерді, басып айтып жіберетінмін. “Түкірік қайта шықса, мәкүрік” деген қазақтың мақалы бар емес пе? Бәйге алмасам да, елдің алдында сөзім қалсын дедім. Есем кетті, Аманжолға кетті есем. Райымбектың айтысында. Қазылар жығып берді”,-деді Айтақын ақын. Сондай-ақ өзінің қызба мінезінің арқасында, қол сілтеп кете салатынын айтты. “Бір жылда жеті жерден шығып қалған кезім болды. Облыс әкімін қатты сынап жібердім. Сол менің жолымды жапты. Абайдың, Жамбылдың 150 жылдық тойларына қатысқан жоқпын. Айтыста мені тірілтіп алған Жүрсін ағамыз. “Сені өлтіретін болды” деп айтысқа салды. Мені ұрмай соқпай, өлтіре бастады. Біреу ішіп, біреу шегіп кетеді. Мен сол кезде күйзеліске түсіп кеттім. Ішіп, не шегіп кетпедім. Аяқ қолым дірілдеп, сахнадан шығып қалған кездерім де болды. “Сенің айтарың бар” деп Жүрсін Ерман қайта-қайта айтысқа салды. Спирт сатқан кездерім де болды. Көп ақындар сатып кетті. Кейіннен кешірім сұрады. Әйелдерді нәзік жанды деп жатамыз. Еркек жасамайтын ерлікті кейде әйел жасайды. Жұбайым қиналғанда қолдау білдірді”,-деп айтты. Естеріңізге сала келе кетсек, кезінде “хайлайлімдетіп” айтысатын Айтақын Бұлғақов жұртшылыққа өзінің шынайылығымен ұнайтын. Бүгінде азулы айтыскер Жандарбек Бұлғақовтың әкесі әрі тәлімгері.