Кітапхана мен музейге сұраныс жоғары
Кітапхана мен музейге сұраныс жоғары
2023 жылдың бірінші тоқсанында экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алғанда кітапхана, мұрағат, музей және басқа да мәдени мекемелер көрсеткен қызмет көлемі 19,8 млрд теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 26,9% көп. ФКИ 110,2%, бұл қызметтердің нақты көлемінің 10,2% өскенін көрсетеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда, биыл қаңтар–наурыз айларында сектордағы қызмет көрсету көлемі 19,7 млрд теңгені құрады — құндық мәнде бір жылда 27,5% көбейген. Анықтама үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 15,5 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 21,9% болған.
Өңірлер бойынша кітапхана, мұрағат, музей және басқа да мәдени мекемелер қызметі ең көп мәдени астана Алматыда көрсетілді: 2,6 млрд теңге — былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда ақшалай түрде 2,5 есе көп.
Үздік үштікке Түркістан (1,6 млрд теңге, 4,8% көбейген) және Шығыс Қазақстан (1,4 млрд теңге, 11,6% азайған) облыстары да кірді. Одан кейін Қарағанды (1,4 млрд теңге, 0,8% көбейген) және Ақмола (1,4 млрд теңге, 31,6% көбейген) облыстары.
Саладағы қызмет ең аз көрсетілген өңір Ұлытау (329,4 млн теңге), Маңғыстау (407 млн теңге) және Ақтөбе (545,8 млн теңге) облыстары.
Батыс Қазақстанда мәдениет нысандары тозып барады, деп хабарлайды
Хабар24. Орал қаласы мен Дерқұл ауылындағы мәдениет үйлерінің жағдайы мүшкіл. Жөндеу жұмыстарына уәде етілген қаржы әлі бөлінген жоқ.
Кітапханалардың үлесіне сектордағы қызмет көрсетудің жалпы көлемінің 42,3%-ы, оның ішінде оқу залдарының, дәріс залдарының және көрме залдарының қызметі: 8,3 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 23,5% артық.
Музейлердің қызметі бір жылда 31,6%, 4,2 млрд теңгеге, мұрағаттар — 60,8%, 3,8 млрд теңгеге, қорықтар — 3,9%, 2,7 млрд теңгеге, ботаникалық бақ пен хайуанаттар бағы — 44,9%, 503,9 млн теңгеге дейін өсті.
Тарихи орындар мен ғимараттардың, сондай-ақ осыған ұқсас туристік нысандардың көрсеткен қызметі бір жылда 16,8% төмендеп, 218 млн теңге болды.