Іс-шараларға теологтар, дінтанушылар қатысады.
24-28 сәуір аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласындағы студенттермен семинар өткізеді. Мақсаты- қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу, деп newsroom.kz хабарлайды, Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығы діни ахуалды зерттеумен, оған талдау жасаумен, қарапайым халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, сондай-ақ деструктивті және жалған діни ағымдардың ықпалына түскен адамдарға көмек көрсетумен айналысады. Орталықтың қызметкерлері теологтар, дінтанушылар білімдерімен бөлісіп, жат ағымның арбауына кетпеуге түсіндірме жұмыстарын өткізеді.
“Кәмелетке толмағандар мен жастарды экстремизм идеяларының әсерінен қорғаудағы басты рөл – ата-аналарға тиесілі. Сондықтан ата-аналар балаларын қалай және неден қорғау керегін білуі керек. Жат діни ағымдарға түскен баланың мінез-құлқы күрт өзгеріп кетпейді. Ол бірте-бірте болатын құбылыс және оның уақытында алдын алу керектігін естен шығармаған дұрыс. Сондықтан баланы барынша қадағалауда ұстаған жөн” екендігін алға тартады теолог мамандар.
Семинарға Республикалық ақпараттық түсіндіру орталықтарының мамандары, дінтанушы-теологтар Қожахметова Талшын “Діндерді зерттеу орталығының” теолог маманы, психолог Садыкова Жаңагүл, Солтан Роза – «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы, Талипбекова Рахима Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің ұстазы қатысты. Осылайша өзара пікір алмасқан дінтанушылар мен студенттер алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстарын жалғастырмақ.
Астана қаласында студенттер мее психологтар алдағы уақытта мешіттегі әйел жамағатымен, кітапхана қызметкерлерімен «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері», «Әйелдер арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Дін және қоғам» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер жоспарланып отыр.