Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Елорда жастары» бағдарламасы: Өтінім қабылдау күні белгілі болды

«Елорда жастары» бағдарламасы: Өтінім қабылдау күні белгілі болды

«Елорда жастары» бағдарламасы: Өтінім қабылдау күні белгілі болды
ашық дереккөзі
«Елорда жастары» – қала әкімдігі мен Отбасы банктің бірлескен жобасы Астанада «Елорда жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп newsroom.kz хабарлады Elorda.info. сайтына сілтеме жасап. «Елорда жастары» – қала әкімдігі мен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді. Оған жас мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлері, Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сондай-ақ Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар қатыса алады. Қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі 1,5 млрд теңге, Отбасы банк 1,5 млрд теңге бөліп отыр. Бұл қаражатқа 200-ге жуық тұрғын баспаналы болады деп күтілуде. Әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы билік қалыптастырады. Өтініштер qatysu.zhilfond.kz сайтында 2023 жылдың 30 мамыры сағат 9:00 бастап, 6 маусым сағат 23:59 дейін қабылданады. Авторизациядан өту үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Үміткерлер пулы балдық жүйе бойынша қалыптасады, онда - еңбек өтілі, өтініш берушінің 1, 2, 3-інші мүгедектік тобына жататын-жатпайтынын (ерлі-зайыптының немесе балаларының бірі) ескеріледі. Пул құрылғаннан кейін оның қатысушылары Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдық 5 пайызбен (ЖТСМ 5,2% бастап) жеңілдетілген несие береді. Алғашқы жарна – 10%. Елордалық жас тұрғындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге, мерзімі – 25 жылға дейін. Оның көмегімен бастапқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан үйден баспана сатып алуға болады.