ХХІ ғасыр — білім мен ғылымның ғасыры екендігін жақсы білеміз. Бұл ғасырда сапалы білім алып, ғылымның тереңіне үңілген білікті мамандар жаһандану заманында бәсекеге төтеп бере алады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл күнде Түркістан қаласында білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлініп отыр.
Биылғы орта мектеп оқушылары оқуды тәмамдап, жаңа өмірге қадам басады. Оларды ең алдымен ұлттық бірыңғай тест күтіп тұр. Барлық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдіріп, олардың барлығы тестілеуден өтеді. ҰБТ онлайн форматта, яғни электронды түрде өткізіледі.
Қаңтардағы ҰБТ-ны 123 мың адам тапсырған еді. Олардың 102 мыңы шекті 50 балды жинаған болатын.
"Қаңтардағы тестілеуді 123 мыңға жуық адам тапсырды. Олардың ішінде ЖОО-ға шартты негізде қабылданғандар, шығармашылықтан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер бар. Талапкерлердің 95 мыңы, яғни 77 пайызы қазақ тілінде, 28 мыңы, яғни 23 пайызы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Қаңтар тестілеуіне ерекше оқу қажеттіліктері бар 274 бала қатысты.
Тестілеу қорытындысы бойынша 102 мыңға жуық талапкер шекті балл (50) жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 83 пайызын құрайды. Ал 21 мыңнан астамы, 17 пайызы шекті балл жинай алмады", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Жалпы, ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл - 139, оған Қазақстан бойынша 5 талапкер қол жеткізген.
Биылғы жылы Қазақстан бойынша жалпы саны 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы “Алтын белгіге” үміткер, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.
“Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер”, - деді министр Үкімет отырысында.
Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.
Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді.
Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.
2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеген еді.
«Барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға тағайындалды. Бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр», – деді ол.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінген. Ал «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант тағайындалған.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз бар. Білім ауыл, аудан немесе қала деп бөлінбейді. Ол оқушының табандылығы мен талпынысына байланысты. Мемлекет басшысы «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында» деп атап өткен. Сондықтан да өскелең ұрпақ білімді болса, жеріміз гүлденіп, еліміздің нұрланатыны анық.
енді ғана дамуға бағыт алған елге нағыз мықты мамандар ауадай қажет еді. Әрі мемлекеттің ертеңі бүгінгі білімді ұрпаққа тікелей байланысты екені бесенеден белгілі. Отыз жылдың ішінде еліміздің білім саласы бір бағытқа түсіп, бүгінде жүйелі дамып келеді деп айта аламыз. Ел президенті де жыл сайынғы Жолдауында дәл осы салаға ерекше назар аударып келеді. Айталық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп атап көрсеткен болатын.
Білімді ел – қашанда табысты ел. Қандай да бір мемлекет болмасын, дамудың биік сатысынан көріну үшін азаматтарының білімі мен білігіне көңіл аударатыны хақ. Соған қоса, білімнің жетістікке алып келер жолдағы ең негізгі құрал екендігі де айқын.
Осының негізінде бүгінгі күні еліміздегі білім саласына тың өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.