2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейлі банк бар. ҚР ЕДБ жиынтық активтері биыл наурыз айында 2,2% немесе 967 млрд теңгеге ұлғайып, 45 трлн теңгеге жетті. Активтердің өсуі өтімді активтердің 2,7% немесе 512 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде болды, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Өз кезегінде өтімділігі жоғары активтер 13,6 трлн теңгені немесе активтердің 30,1%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Еліміздегі ең ірі банктердің ішінде Bereke Bank өтімділік көрсеткіштері бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие. Банктің ағымдағы өтімділік коэффиценті (k4) 3,31, бұл алғашқы он банк* арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Bereke Bank те сонымен қатар ең жоғары жылдам өтімділік коэффициенттеріне де ие (k4-1 және k4-2): тиісінше 32,89 және 12,22. Өтімділіктің жоғары көрсеткіштері банктің өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындай алатынын көрсетеді.
Одан кейін Jusan Bank келеді, оның өтімділік көрсеткіштері келесідей: k4 — 2,3, k4-1 — 10,04, k4-2 — 5,5, k4-3 — 4,46. Өз кезегінде, Bank RBK көрсеткіші мынадай: ағымдағы өтімділік коэффициенті k4 — 2,07, жедел өтімділік коэффициенттері k4-1 — 21,47, k4-2 — 3,9.
Жалпы өтімділік банктің сенімділігі мен тұрақтылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналады.
* тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін және қаржы институтының нақты бизнес үлгісіне байланысты рейтингке енбеген мемлекеттік Отбасы банкті қоспағанда
Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер меншікті капитал түріндегі қауіпсіздік қорын қалыптастырды. 2023 жылдың наурыз айының соңында реттеуші меншікті капитал 6,4 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7% артық. Бір айда көрсеткіш 1,1% өсті.
Үздік 10 ЕДБ арасында Bereke Bankі ай сайынғы ең үлкен өсімді көрсетті: 4,6% көбейіп, 121,5 млрд теңгеге жетті.
Үздік үштікке реттеуші меншікті капиталы бір айда 4,3% өскен Еуразиялық Банк пен ForteBank (3,7%) кірді.
Жалпы, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, ҚР ЕДБ капиталының жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19,5%-ды, меншікті капиталы (k2) — 22,6%-ды құрады, бұл заңмен белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жаба алады.
Елдегі банк секторының айтарлықтай тұрақты екенін көріп отырмыз, бұл геосаяси дағдарыс пен әлемдегі жалпы күрделі жағдай кезінде ерекше маңызды.
Еліміздің банк секторының тұрақтылығының жоғары деңгейін халықаралық рейтингтік агенттіктер де растап отыр.