Отырар өнер және саз мектебіне - 50 жыл!

Отырар өнер және саз мектебіне - 50 жыл!

ашық дереккөзі

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Отырар өнер және саз» мектебі оқушылардың рухани әлемін сусындатып, өнерлі жастарға сапалы білім беріп келе жатқанына биыл 50 жыл толып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz.
Алғаш аудандық балалар музыка мектебі болып құрылған қосымша білім беру ұйымы осы жылдар ішінде талай жастың талантына қанат бітіріп, өнердегі шамын жағып келе жатқан қасиетті шаңыраққа айналды.
Бүгін аталған өнер мектебінің мерейтойы ауданымызда ерекше салтанатпен аталып өтті. Мерекелік шараға келген көпшілік алдымен қолөнер шеберлері мен көркемсурет және ағашқы көркемдеп өңдеу жұмысының көрмелерін тамашалады. Мұнан соң өнер мектебінің шәкірттері дайындаған концерттік бағдараламаға ұласып, жарты ғасырлық тарихы бар өнер ордасының өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрермендер назарына ұсынылды.
«50 жылдық тарихы бар өнер ұжымы бүгінде ұлтымыздың асыл мұрасы, рухани жәдігері ұлттық өнерімізді насихаттап, үлкен белестерді бағындырған өнерпаздарға толы. Шәкірттері талай республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Өнер мектебінің түлектері Бауыржан Тұрғараев, Бағлан Омаров, Арман Әбуов, Гүлбақыт Сапарханқызы, Тамара Маханова, Еркеғали Махмудханов, Жанна Сатыбалдиевалар өнер әлемінде өз орнын қалыптастырды.
Бұдан бөлек облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда ауданның абыройын асқақтатып жүрген өнерлі жастарымыз қаншама. Бүгінгі өнер мектебінің мерейлі мерекелік жылына өнер мектебінің ұжымына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пианино музыкалық аспабын тарту етті.

Жүктелуде...