Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда Ө.Сейітовтың 100 жыл толу мерейтойына орай конкурс өткізілді

Түркістанда Ө.Сейітовтың 100 жыл толу мерейтойына орай конкурс өткізілді

Түркістанда Ө.Сейітовтың 100 жыл толу мерейтойына орай конкурс өткізілді
ашық дереккөзі
Еліміздегі заңдылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, 1966-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің Прокуроры болған Өтеген Сейітұлы Сейітовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, оның есімін ұмытпау мақсатында 2023 жыл прокуратура органдары үшін «Сейітов жылы» деп жарияланды. Бұл мерейтойды Түркістан облысында кеңінен өткізу маңызды болып табылады, себебі Ө.Сейітов прокуратура органдарындағы алғашқы қызметін Ұлы Отан Соғысынан кейін бұрыңғы Шымкент облысы Келес ауданының прокуратурасында халық тергеушісі болып бастаған. Осыған орай Түркістан облысының прокуратурасы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе отырып, құқықтану мамандығында оқитын студенттер арасында «Сейітов ізбасары» атты конкурсын өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz. Конкурстың алғашқы байқауында студенттер Ө.Сейітовтің өмірбаяны мен жарқын еңбектері туралы эссе жазып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар құралған командалар интелект баттл ойынына қатысып, тақырыпқа қатысты қойылған сұрақтарға жылдам әрі сапалы жауап берілген команда жеңіске жетті.  />

Аталған конкурс арқылы жастар арасында 18 жыл Бас Прокурор қызметін атқарған Ө.Сейітовтың өмір өткелдері жан-жақты насихатталып, болашақ заңгерлердің мамандық таңдауындағы мақтаныштарын арттыра түсті.

Конкурс нәтижесі бойынша белсенділік танытқан студенттерге алғыс хаттар мен жеңіске жеткен командаларға бағалық сыйлықтар табысталды.

<b>Түркістан облысының прокуратурасы</b>
    </div>
    </div>
                </div>
            </div>
            <div class=
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Сертификат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Портал жаңалықтары 18 жастан асқан оқырмандар назарына.

Контакты
  • Мекен-жай Astana, Kazakhstan
  • Телефон +77057218114
  • e-mail info@newsroom.kz
Әлеуметтік желілер:
facebook twitter telegram instagram youtube
Яндекс.Метрика

2024 © Барлық құқық қорғалған