weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Канада қазақтарына Қоянбаев барыпты

Канада қазақтарына Қоянбаев барыпты

Канада қазақтарына Қоянбаев барыпты
ашық дереккөзі
Канададағы қазақ диаспорасымен байланысты қолдау және нығайту жөніндегі іс-шаралар сериясы аясында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Қазақтар» КВН командасының тур-концерті өтуде, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл тур Канаданың жеті ірі қаласын атап айтқанда Торонто, Оттава, Монреаль, Виннипег, Ванкувер, Эдмонтон және Калгари қалаларын қамтыды. Аталған бастама мәдени байланыстарды нығайтуға, отандастарды біріктіруге және Канададағы қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған.  width= Осы жылы ҚР Канададағы Елшілігі «Отандастар Қорымен» бірқатар маңызды мәдени іс-шараларды өткізуді жоспарлауда. Халықтық дипломатия шеңберіндегі мұндай іс-шаралар қазақстандық диаспора арасындағы мәдени байланыстарды қолдауға және дамытуға бағытталған және Қазақстан мен Канада арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді.​ Бүгінгі таңда бейресми мәліметтерге сәйкес, Канададағы отандастарымыздың саны 10 мың адамнан асады. Елде отандастарымызды қолдау бойынша бірнеше ірі ұйымдар жұмыс істейді. Мұндай ұйымдардың мысалдары Торонто қ. «Association of Kazakhstanies», Монреаль қ. «Kazakh Association Dostar» және Калгари қ. «Alberta Qazaq Association».