Жақында Жазушылар одағының жаңа төрағасы болып 70 жастағы журналист, жазушы әрі қоғам қайраткері Мереке Құлкенов сайланды. Бірақ әлеуметтік желілерде жаңа төрағаның жасына қатысты түрлі пікірлер айтылған еді. «...Сұрауы бар» YouTube арнасының жүргізушісі Ербол Сейілхан бұл сұрақты Ақпарат министріне де қойған болатын, деп хабарлайды
newsroom.kz.
«Мысалы, Түркі академиясын басқарғанда, шетелдерде басшылардың көбі жасы ұлғайған кісілер екенін көп көрдім. Сол сияқты жазушыларда жас шектеуі болмайды. Себебі бұл 63 жастан кейін зейнеткерлікке шығатын мемлекеттік қызмет емес қой. Бұл жерде қаламгерлердің басшысын сайлауға мемлекет араласқан жоқ. Ол жерде Мереке Құлкенов бірінші басшы болып сайланса, орта буын Нұржан Қуантайұлы бірінші орынбасар, ал Бейбіт Сарыбай секілді жастар орынбасар болып сайланды. Барлығы қамтылған сияқты»,-деді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ министр басты мәселе кімнің төраға болғанында емес деп отыр.
«Ең бастысы - шығармашылыққа жағдай жасау, жазушылардың өзара бірлігі қажет. Бар мәселе басқарушылық қабілетте деп ойлаймын. Басшының кім болатынын одақ мүшелерінің өздері шешті. Енді келесі төраға жастардың арасынан шығар»,-деп сөзін түйіндеді министр.
Сұхбаттың толық нұсқасын «...Сұрауы бар» YouTube арнасынан көріңіздер.
www.youtube.com/watch?v=cjuN0qBr1Gc