Театр және кино актері Азамат Қанапия дубляж дауысымен танымал. Ол қызығы мен қиындығы қатар жүретін саласы туралы ашық айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл туралы “Ел” бағдарламасына сұхбат барысында айтты.
Дубляж шебері Азамат Қанапияға дауыс жазып беру бағасы қанша екенін сұрағанда, 2001 жылдан бері бағасы өспегенін айтты.
"Ашық айтатын болсам, 2001 жылдары "Асау жүрек" тағы да басқа сериалдар көп болды. 22 жыл бұрын сериалдың бір сериасына 3500 теңге төлейтін. Бір сериал шамамен 45 минут болады. 3500-3700 теңге төленетін. Ал сол кезде бұл ақша көп болатын. Театрды сол жылдары айына 9000 мың теңге айлық алатынмын. Бір айда шамамен 20-30 серия оқысаңыз, әжептәуір ақша болатын. Енді 22 жыл өтті. Қазір 4000 мың теңге бір сериясы. Одан бері заман инфляцияға ұшырап, театрдағы жалақы 160 мыңға көтерілді, бірақ дубляж сол қалпында" , - дейді Азамат Қанапия.
Кезінде дубляж актерлары жиналып, бағасын көтеріңіздер деген талап айтылғанымен “одан түк те шыққан жоқ” деп жауап берді ол.