АҚШ-та тұратын Сейіткәрім Әнуар есімді қазақ жігіті таксимен жылдам жеткізу арқылы күніне қанша табуға болатын туралы айтқан. Ол арнайы видеоролик түсіріп, сегіз сағаттың ішінде 160 доллар ақша табуға болатынын айтқан. Ол ең алдымен жүру жолдарын белгілеп алу керектігін айтады, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Ең алдымен Линькольн саябағынан бастауды жөн көрдім. Ең алғашқы тапсырыс келіп түсті. Таңертеңгі кофені жеткізу екен. Оны алып, белгіленген мекенжайға жеткіздім. Суретке түсіріп, есіктің алдына қойып кеттім. Америкалықтар суретке түсіріп, есіктің алдына тастап кеткенді қалайды. Ешкімді күтпейсіз. Өте ыңғайлы. Осылайша келесі тапсырыс түсті”,-дейді ол.
Осылайша ол түске дейін 122 доллар пайда тапқанын айтады. Ал түстен кейін тағы біраз тапсырыс қабылдап, жалпы уақыты сегіз сағатта 160 доллар тапқанын айтты. Осылайша ол АҚШ-тағы бір күндік такси қызметінің құнын көрсеткен.