Ауданның елдімекендерін сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар қарқынды жалғасып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бүгінгі таңда, энергия көздері бойынша қосымша су электр станциясы пайдалануда, сондай-ақ қосымша тағы да бір шағын су электр станциясын салу жоспарланған.
Бұл ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандағы электр энергияларды өндіру саласын дамытып келе жатқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елдімекені аумағындағы, Келес өзенінің бойында орналасқан 4,5 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясына барды.
Аталған су электр станциясының құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген.
Қазіргі таңда, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, Жартытөбе және Құркелес ауылдық округінде 2000 абонентті электр қуатын қамтамасыз етіп отыр.
Сонымен қатар, аудан басшысы «Келесгирострой» ЖШС-нің Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елдімекенінде жоспарланған су электр станциясының жерімен танысты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі