weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейлік шенеунік, әрі танымал әншінің күйеуі кенеттен қайтыс болды

Ресейлік шенеунік, әрі танымал әншінің күйеуі кенеттен қайтыс болды

Ресейлік шенеунік, әрі танымал әншінің күйеуі кенеттен қайтыс болды
ашық дереккөзі
  20 мамырда кешке Ресейлік танымал әнші Диана Гурцкаяның күйеуі қайтыс болды. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, қызметтік іссапардан оралғанда Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім Министрінің орынбасары Петр Кучеренко қайтыс болды. Ол небәрі 46 жаста еді, деп хабарлайды newsroom.kz starhit.ru-ға сілтеме жасап. Кубада министрлік делегациясымен бірге болған Петр Кучеренко ұшақта өзін жайсыз сезінген. Борт Минералды сулар қаласына шұғыл қонып, онда жергілікті дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді. Бірақ оны құтқару мүмкін болмаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей Федерациясының Жоғарғы шенеунігі инфаркт алған. Гурцкая мен Кучеренко 2005 жылдың қыркүйегінде үйленіп, 2007 жылы Константин есімді ұлды болады. Бүгінде Костя 16 жасқа толады. Естеріңізге сала кетсек, туғанынан қос жанары көрмейтін Диана Гурцкая “Ты здесь” әнімен 2000 жылдары шығып, көрермендердің сүйікті әншісіне айналған еді.