Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Салық ше? Д.Мұқаев бала өскенде ақша жемеу үшін не істеу керегін айтқан

Салық ше? Д.Мұқаев бала өскенде ақша жемеу үшін не істеу керегін айтқан

Салық ше? Д.Мұқаев бала өскенде ақша жемеу үшін не істеу керегін айтқан
ашық дереккөзі
  Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студия” бағдарламасында қонақта болды. Ол қазіргі таңдағы бала тәрбиесіне қатысты өз ойын айтқан еді. Отбасындағы баланың рөлі, қаржылық сауаттылық, және т.басқа сұрақтар төңірегінде пікірін білдірген, деп хабарлайды newsroom.kz. “Қазіргі таңда отбасының бюджеті 200 мың теңге болса, миллион теңгелік айфон телефон ұстағысы келетін балалар бар. Қаншама жандар айтып жатады “балам ананы әпер, мынаны әпер, айлығым 80 мың теңге. Амал жоқ кредитке алуыма тура келеді” дейді. Ақшаға келгенде баламен дос болу керек. “Ананы алма, көрме!” демеу керек. Керісінше біз балаға ақшаны пайдалана білуді үйретуіміз керек. 10 мың теңге ме, 20 мың теңгені ұстата білуіміз керек. Өйткені баланың психологиясы бала кездегі ақшаны ұстай білуіне байланысты. Ертең өскен кезде, мемлекеттік қызметке, бизнеске барса да миллион, миллиардтаған ақшаның бір тиынына тимейтін болады. Ақшаны бала кезде көріп өскен баланың психологиясы солай қалыптасады. Ал қазіргі кездегі жемқорлар, өкінішке қарай, бала кезінде түк көрмей өскендіктен жеп қоя береді, жеп қоя береді!”-деген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Мұқаев VIII сайланған 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ипотека, бизнеске бағыт беру, қаржылық сауаттылықты арттыру курстарының авторы. Әлеуметік желіде белсенді блогер.