Канн кинофестивалі аясында Натали Портман басты рөлді сомдаған "Мамыр, желтоқсан" фильмінің премьерасы өтті. Премьера мен қызыл кілем үшін Голливудтық танымал актриса мұражайда сақталған Dior көйленін таңдады, деп жазады newsroom.kz ztb-qaz-ға сілтеме жасап.
Ең қызығы актриса Портман 1949 жылғы коллекциядағы винтажды көйлек көшірмесін киіпті. Дәл осы әйгілі образда бір кездері Кристиан Диордың музасы-қазақ қызы Алла Ильчун киіп шыққан еді. Бүгінгі таңда киімнің түпнұсқасы Метрополитен өнер мұражайында сақталған.
Естеріңізге сала кетейік, Алла Ильчун Қытайдың Харбин қаласында дүниеге келген. Оның әкесі-қазақ Қуантхан Елшин, анасы-орыс опера әншісі Тамара Михайлова.
Ильчун өз уақытында Dior сән үйінің ең жарқын моделі болған. Оны Кристиан Диордың музасы деп аталған. Атақты модельер Алла үшін әйгілі бейнелерді жасаған екен.