Қай банктер кешіктірілген төлемдерді азайтып, портфель сапасын жақсарта алды?
Биыл 1 сәуірде ҚР ЕДБ-де 30 күннен астам кешіктірілген несиелер 1,1 трлн теңге болды, бұл бір ай бұрынғыдан 7,4% артық. 90 күннен астам ұзақ кешіктірілген «нашар» несиелер (NPL 90+) бір айда 2,5% өсіп, 847,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ҚР ЕДБ несие портфелі бір айда 1,4% өсіп, 24,6 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Жалпы, сәуірде ҚР ЕДБ-де 30 күннен астам кешіктірілген қарыздардың үлесі 4,6%-ға (бір ай бұрын 4,3% болған) жетті, NPL 90+ үлесі 3,4% болды (бір айда 0,03 п. т. өсті). Ай сайынғы динамика бойынша несие портфелін үздік он банктің ішінде 6 банк, ал жалпы сектордағы 13 банк көбейтіп отыр.
Еліміздегі ең ірі он кредитор банк ішінде бір ғана қаржы институты — Jusan Bank қана ай сайынғы динамика бойынша 30 күннен астам кешіктірілген несие көлемін 2,8% азайтып, биыл наурыз айында 142 млрд теңгеге дейін төмендете алды.
NPL 90+ көлемін алғашқы ондықтағы екі банк азайтты. Ең жақсы көрсеткіштер Jusan Bank-те: бір айда 3,3% төмендеп, 131,2 млрд теңге болды. Бұл ретте Jusan Bank-тің несие портфелі бір айда 2,9% өсіп, 1,2 трлн теңгеге жетті.
Jusan Bank портфеліндегі NPL 90+ үлесі шамамен 11%, бұл сектор бойынша орташа деңгейден жоғары, алайда NPL көлемі банк провизиялары есебінен жабылған, ол 1 сәуірдегі жағдай бойынша 297,9 млрд теңгені құрады, бұл бірден 2,3 есе көп. Бұл критерий бойынша Jusan Bank Еуразиялық Банкпен (2,5 есе), ЦентрКредит Банкімен (2,6 есе) және Halyk Bank-пен (2,7 есе) бірге еліміздің ірі банктері арасында үздік көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Анықтама үшін: сектордағы провизиялардың орташа көлемі NPL 90+ көрсеткішінен екі еседен астам көп.
Jusan Bank портфеліндегі NPL проблемалық Цеснабанк пен АТФ банктің «мұрасымен» байланысты болғандықтан, тарихи жағдайды ескере отырып, қазіргі көрсеткіштерді өте оң деп санауға болады.
Теріс көрсеткішті төмендеткен екінші банк — Bereke Bank, бірақ мұнда NPL 90+ бар болғаны 108 млрд теңгеге дейін, 0,1% ғана азайды. Бұл ретте банктің несие портфелі де төмендеді: бір айда 0,3% азайып,1,3 трлн теңге болды.
Bereke Bank портфеліндегі ұзақ кешіктірілген берешек үлесі 8,2%. Банк провизиялары NPL 90+ деңгейінен 1,9 есе көп, бұл сектордағы орташа көрсеткіштен сәл төмен.
Бұл жерде кешіктірілген несиенің көптігі қаржы институтының жалпы мәселелерімен байланысты болса керек, одан Bereke Bank акционерлері мен атауын өзгерту арқылы ғана құтыла алды. Еске салайық: геосаяси дағдарыстың салдарынан санкцияға ұшыраған ресейлік Сбербанктің бұрынғы үлескері кейін атауын осылай Bereke Bank деп өзгерткен еді. Содан кейін биыл наурыз айында ғана қазіргі қазақстандық банк санкциялардан шығарылды.