Музей ісіне мән беру керек - Д.Мыңбай

Музей ісіне мән беру керек - Д.Мыңбай

ашық дереккөзі

    Ұлтымыздың жадын сақтау, санасын жаңғырту үшін музей саласына мемлекеттік көзқарас қалыптастырудың маңызы жылдан жылға артып келеді. Әйтпесе, өзімізді қалай танып-білеміз, елімізді әлемге қалай танытамыз? Өткеніне үңіліп, бүгінін бағамдап, болашағын бағдарлауды қолға алған өркениетті елдер музей ісіне көп көңіл бөледі, деп newsroom.kz хабарлайды Дархан Мыңбайдың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.   Мәселен, Президентіміз ресми сапар жасаған ел - Қытайда 4700 жуық музей, 3119 кітапxана бар екен. Олардың 80 пайызы тегін. Музейлер мектеп, ауруxана, ғибадатxана сияқты әлеметтік саланың маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бұрынғы, ерте замандарда олар мәдениет ошақтары болумен қатар дипломатия орталықтарының қызметін де қоса атқарған.   КЫТАЙ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ: Көлемі 200 мың шаршы метр. 100 жылдан астам уақыт бұрын ашылған, 49 залы бар, 1,5 млн. зкспонаты бар. Жылына 4-5 xалықаралық көрмелер өткізеді. 1000 астам адам жұмыс істейді, штаттан тыс 1000 жуық кісі жұмысқа тартылады. Халықаралық көрмелер 3 жыл бұрын жоспарланады. Дайындық жұмыстарына 1 жыл уақыт кетеді. Көрме ұзақтығы 3 айға созылады.   Жыл сайын 50 кітап, түрлі басылымдар басып шығарады. Өз типографиясы бар, xалықаралық көрмелерге билет құны - 1-2~евро. Экскурсия негізінен қытай дәне ағылшын тілінде, аудиогид БҰҰ-ның сегіз тілінде жүргізіледі. Ғылыми жұмыстар, экспедициялар еш толастамайды. Міне, үйренетін іс-тәжірибе. Ал бізде музей қызметкерлеріне лайықты жағдай жссап, табысты кәсіп етуге, ғылыми жұмыстарды ынталандыруға не кедергі? Біздіңше, мақсатты түрде арнайы мамандар даярлау жоспары, менеджмент, сенімгерлікпен басқару тәсілін, заманауи технологиялық жетістіктерді енгізу үшін жаңа мемлекеттік көзқарас қажет деп ойлаймыз.   Еліміздегі барлық деңгейдегі музейлерге тәуелсіз ел талаптары тұрғысынан салалық тұжырымдама жасау, оны іске асыру, қадағалау ісі де кешеуілдеп жатыр. Жыл сайын арнайы мониторинг жүргізіп, сараптама өткізіп тұруға тиісті қаржы қарастырғанда ғана келушілер саны арта түспек. Музей - әр елдің, елді мекеннің, кәсіпорын мен мекеменің терең тарихын, жеткен жетістігін көрсететін мәртебелі мәдениет ошағы.   Барлық музей қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймыз. Дәйім еңбектеріңіз жемісті болсын! Дархан МЫҢБАЙ        

Жүктелуде...