Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елдос Колобок балалы бола алмауының себебін айтты

Елдос Колобок балалы бола алмауының себебін айтты

Елдос Колобок балалы бола алмауының себебін айтты
ашық дереккөзі
  Елімізге "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов жеке өмірі туралы шындықты айтты. Ол Аман Тасығанның “Talk like” бағдарламасына барып, сұхбат беруді жөн көрген. Әзілкештің шаңырақ көтергеніне жеті жылдан аса уақыт өткен. Блогер әлеуметтік желіде өз өмірін сынға алып, балалы болуға қатысты сұрақпен мазалайтын жандарға жауап қайтарғысы келетінін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. “Бәрінің қоятын сұрағы біреу! Қашан балалы боласың? Бір жерге одан да балалы болсайшы! Бірдеңе сатып алсаң, одан да бала жасамайсың ба? Мұндай сұрақтар мен пікірлер ”жеп “тастады. Менен бұрын әйеліме ауыр. Қазақта не болса да, әйел кінәлі деген ұғым бар. Көтермей жатыр, балалы болыңдар деген сияқты. Басында сұрайды, кейіннен ақыл айта бастайды. Қазір енді оқырмандар айтады. Ең көңілге тигені “сенде 100 пайыз бала болмайды” деген. Оны балгердер де айтқан. Дәрігерлер де айтқан. Әр нәрсені жазады. Ол жазғанды келіншегім де оқиды. Ол жылап қалады. Жаныма бататыны сол. Оның көз жасының себепшісі мен болғандықтан, менің жаныма қатты батады. Кейбіреулер “тоқал алсай”, “мен туып берейін” деп те жазғандар болды. Кейде бекер үйлендім деп қаламын. Олай айтатыным әйелім жаман дегеннен емес, оны баұытсыз еткенім үшін деген ой. Қаншама дәрігерге бардық. Кінәні мен жақтан деп айтты. Маған он жыл бұрын сондай диагноз қойды. Үйленгенімізге жеті жыл. Үйленерден алдын келіншегіммен отырып сөйлестік. Және осындай диагноз қойғанын да ашып айттым. Әйелім жылады, “иә” не “жоқ” деп жауап қатпады. Екі күннен соң алып қаштым. 21 жасымда ота жасалды. Сол кезде дәрігерлер бедеуліктің белгілері бар деп шығарып салды. Сондай кезде өзімнің кінәм бола тұра, әйелімді кінәлайтындарға ренжимін. Әйелімнің ешқандай кінәсі жоқ. Алайда небір ауыр сөздерді есітіп, ренжіп, жылап қалатын кездер болады. Менің бар арманым, жұмыстан келгенде, алдымнан “папа” деп баламның жүгіріп шыққаны. Ақша да, атақ та керек емес. Ақшасыз да өмір сүргенмін”,-деп көз жасына ерік берді. Сондай-ақ ол артық салмақтың да балалы болуға кері әсер етуі мүмкін дегендіктен, арықтауға бел буған. “Күдерді үзбеймін. Оқырмандарға берген сертім бар. Егер балалы болып жатспм, бүкіл Қазақстанның мешіттерін аралап мал сойып, құрбандық жасаймын деген сөзім бар. Тілектес, ниеттерге мың алғыс”,-деп аяқтады сөзін блогер. Естеріңізге сала кетсек, әзілкеш, бұрынғы асаба болып танылған, бүгінде блогер Елдос Колобоктың әлеуметтік парақшасын 3 млн 400 мыңға жуық оқырмандар жазылған.