Қант диабеті және басқа созылмалы аурулар бүгінде дүние жүзі бойынша жүз миллиондаған адамның өміріне әсер етіп, мұндай жағдайлардың саны тұрақты түрде өсуде. Биылғы жылы Ново Нордиск жаһандық фармацевтикалық компаниясы өзінің жүз жылдық мерейтойын атап өте отырып, анағұрлым салауатты әлемге арналған инновациялық шешімдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қайтадан өзіне алуда, деп хабарлайды newsroom.kz.
Өз тарихының жүз жыл бойы компанияның қызметкерлері, ғалымдары және инженерлері мүмкін нәрсенің шекараларын кеңейтіп келеді: дүние жүзі бойынша 34 миллионнан астам науқас үшін өмір сапасын айтарлықтай жақсартатын инновациялық дәрілік препараттарды мен медициналық бұйымдарды жасайды. 9 елде орналасқан 16 өндірістік алаңдағы өзіндік өндіріс мұқтаж жандарды өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компанияның басты миссиясы өзгеріссіз қала беруде - қант диабетін және басқа да ауыр созылмалы ауруларды: семіздікті, қан мен эндокринді жүйенің сирек кездесетін ауруларын жеңу үшін өзгерістер енгізу.
Әлеуметтік жауапты бизнеспен айналыса отырып, Ново Нордиск компаниясы өз қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша болдырмау жолындағы «Нөлдік әсер» стратегиясы аясында барлық өндірістік нысандарда жаңартылатын энергия көздеріне толығымен көшті.
Ново Нордиск компаниясы Қазақстан Республикасында 1993 жылдан бері ұсынылып, 2004 жылдан бері мемлекеттік сатып алу шеңберінде инсулиндер мен қант диабетін емдеуге арналған препараттардың тұрақты жеткізушісі болып табылады.
2021 жылдың соңында Ново Нордиск компаниясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасалып, ол индустрияның түрлі мәселелеріндегі белсенді ынтымақтастыққа, атап айтқанда диабет пен семіздік саласында үздіксіз білім беру жобаларын іске асыруға, ғылыми және зерттеу әлеуеттерін арттыруға, қант диабеті мен семіздікке шалдыққан пациенттерге терапияның инновациялық әдістеріне ертерек қолжетімділік беруге жол ашты. Аталған бастамалар Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен кадрлық әлеуетін дамытуға, медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіруге септігін тигізеді.