Жаңа бір әзірде басшымыз аяқ астынан кіріп келді. Бір "тоқылдақтар" мені "ұйықтап жатыр" депті - деп жазды белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің
фейсбук парақшасына.Бұл туралы
newsroom.kz хабарлайды.
Мұндай оңбағандық бұрынғы әкімдердің тұсында болмаған еді. Мынау масқара енді... - деп күйінді атақты боксшы Олжас Сәттібаевтың әкесі.
“Түске дейін Жамбыл атамыз жөнінде "дөңгелек үстел" өткізгем. Соған келмеген басшыларым, "мені ұйықтап жатыр" дегенге сеніп жетіп келген ғой...
Жасұлан балам қайта-қайта жазып жүргенге "қойшы, бір өкпесі бар шығар" деп ойлайтынмын, сөйтсем бір шындық бар сияқты...
Толығырақ ертең жазам...” - деп жұмбақтады К.Сәттібайұлы.