ЛГБТ белсенділері Түркістандағы кесене алдында түсірген бейнесі көпшіліктің ашуын тудырды

ЛГБТ белсенділері Түркістандағы кесене алдында түсірген бейнесі көпшіліктің ашуын тудырды

ашық дереккөзі

  Әлеуметтік желі қолданушылары Түркістан кесенесінің алдында ерекше бейне құттықтауға ашуланды. Бейнеролик кейіпкерлері ЛГБТ қауымдастығының туын қолдарында ұстап, қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен-гомофобиямен, трансофобиямен және лесбофобиямен күрес күнімен құттықтайды, деп хабарлайды newsroom.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жсап. Бейнежазба Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында түсірілген. Дәл осы бейне қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Олар қасиетті мекенді ардан безгендер мазаққа айналдырды деп санайды. Бірақ әйелдердің өздері бұл жерді өте символдық деп санайды. "Барлығын құттықтаймыз. Біз сіздермен биылғы жылы Алматыда және Түркістанда бірге тойлаймыз, онда біз күлгін киіз үйді сәтті өткіздік. Біз өз құқығымызды қорғау үшін қасиетті жерге келдік. Адам құқықтары қорғалған жерде қасиетті жер бар", - дейді олар. Айта кетейік, бейнежазбадағы әйелдер белгілі құқық қорғаушылар және "Феминита" қозғалысының негізін қалаушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан. Әйелдер ерекше әйелдердің құқықтарын белсенді түрде қолдайды. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласының тұрғындары ЛГБТ белсенділеріне қарсылық білдіріп, жиынын тоқтатқан болатын. Полиция қызметкерлерінің араша түсуімен ЛГБТ белсенділері агрессор топтардан құтылып шыққан еді.

Жүктелуде...