weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы қайтыс болды

Ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы қайтыс болды

Ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазиннің анасы қайтыс болды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақынның әріптес достары жазды.
Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да «жарық жалғанға қош айтыпты» деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Серікзат досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!, - деп жазды журналист Нұртай Лахан .
Айта кетейік, биыл қыста ақынның  16 жастағы ұлы Әлихан Мақсұт оқыс жағдайда көз жұмған еді.