Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Дұға жасаймын»: әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың анасы ұлының жекпе-жегін көрмейтінін айтты (видео)

«Дұға жасаймын»: әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың анасы ұлының жекпе-жегін көрмейтінін айтты (видео)

«Дұға жасаймын»: әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың анасы ұлының жекпе-жегін көрмейтінін айтты (видео)
ашық дереккөзі
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Санжар Тәшкенбайдың анасы ұлының жекпе-жектерін көрмейтінін айтты, деп newsroom.kz жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 19 жасында әлем чемпионы атанып, елге оралған Санжар Тәшкенбайды жанкүйерлер мен жақындары сән-салтанатпен қарсы алды. Видео «Сұрауы бар» жобасының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған. Боксшыны күтіп алуға келгендер қатарында Санжардың ата-анасы да бар. Анасының сөзінше, ол ұлының кездесулерін көрмейді. «Қазақ еліне жеңісіміз құтты болсын! Мен жекпе-жегін көрмеймін. Басқа бөлмеде дұға жасап отырамын. Барлығыңызға жеңіс құтты болсын. Осындай жеңістер көбейе берсін», — дейді Санжар Тәшкенбайдың анасы. Еске сала кетсек, 13 мамырда Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі. Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан Өзбекстаннан кейін екінші орынға жайғасты.